USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қордай: полицейлерге шабуылдаған ағайындылар ұсталды

  • 18.ақпан.2020, 14:00,
  • 458

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу жұмыстары аяқталды.

Прокуратура мәліметінше, 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

"2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полициясы қызметкерлері патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы "Хонда Одиссей" автокөлігі тоқтатылған. Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған.
 
Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын", - делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930