USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алакөлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін

  • 08.августа.2019, 13:00,
  • 512

Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөлге лас су ағызған қонақ үйдің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсіреді.

"Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісі бойынша "ALMATRADEGROUP» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Су көл жағасында орналасқан екі бассейннен (балалар мен ересектер) заңсыз орнатылған құбырлар арқылы ағызылған. Департамент кәсіпорынның құжаттамаларын тексеріп, судың сынамаларын алды", - делінген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында.


«Жіберілген экологиялық заңнама бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды. Сарқынды суларды ағызу жүзеге асырылған құбырларды жою туралы ұйғарым берілді. Сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Алматы облысы бойынша Экология департаменті мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз беретін болады. Су ресурстарының сапасы тұрақты жағдайда, қоршаған ортаға қауіп байқалмайды. Алматы облысы бойынша Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен берлесіп суға мониторинг жүргізуде», - делінген министрліктің хабарламасында.


скачать dle 12.0
Фото авторы : reactor.kz
Тағы да оқыңыздар:
07.08.2019
06.08.2019
25.07.2019
15.07.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930