USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту ісіне нүкте қойылды – депутат

  • 05.қантар.2020, 16:00,
  • 395

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин елімізде жаңадан қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңға қатысты пікір білдірді.

"Жаңадан қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңда мұғалімдердің құқықтары нақты көрсетілген. Яғни, мемлекет мұғалім мәртебесін көтеруді өз міндетіне алып отыр. Ең бірінші кезекте мұғалімдерді педагогикалық жұмысына жатпайтын жұмысқа тартпау мәселесіне басымдық беріледі. Заңда мұғалімдер мен оқушыларға түсетін жүктемені азайту мәселесі де қарастырылған. Себебі, білім беру ісі ең алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Бұған дейін халық санағын жүргізуде де, сайлау кезінде де мұғалімдерді жұмысқа тартқан жағдайдың болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бұның бәріне нүкте қойылды. Заң қабылданды. Осы заң мұғалімнің барлық жұмысын құқықтық рельске қойып береді", - деді депутат елордадағы Оқушылар сарайының жұмысымен танысу барысында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
14.11.2019
01.11.2019
30.10.2019
19.09.2019
26.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930