USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көпбалалы аналарға арнайы білім гранты бөлінбек

  • 19.қыркүйек.2019, 18:30,
  • 773

Білім және ғылым министрлігі көпбалалы аналар үшін білім алуға квота бөлуді жоспарлап жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.


Министрлік көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған аналар үшін білім грантын беру бойынша квота бөлуді көздеп отыр.


"Көпбалалы аналар үшін арнайы квота болады деп жоспарлап отырмыз. Егер олар жоғары білім алу үшін оқуға түскісі келсе, оларға квота бөлуіміз керек. Қазір масылдыққа жол бермеу, жұмысқа тарту жайлы көп айтып жүрміз ғой. Осы тұрғыдан алғанда, бұл маңызды іс-шара деп ойлаймыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру кезінде.



скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2019
01.08.2019
12.07.2019
02.07.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031