USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да бірінші орында

  • 05.желтоқсан.2019, 12:00,
  • 564

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі - қазақстандықтар. Бұл туралы "Бақытты отбасы" ресурстық қолдау орталығы мәлімдеді.

Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан.


"Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз - ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады", - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков.


Ал, психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер - көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
19.11.2019
14.11.2019
14.10.2019
07.08.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031