Елді дүр сілкіндірген Теңіз кенішіндегі даудан кейін барлық қызметкерлерге демалыс беріліп, жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Сол кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, "Қызметімізден айырылып қаламыз ба деп" алаңдаған жұртқа "Қорықпаңыздар, бәрін өз бақылауымда ұстайымын деп уәде еткен еді" дейді.
Екі ай жұмыссыз отырған жұрттың үміті күні кеше үзілді. Компания қызметкерлері жұмысшыларға хабарласып, келісім шарттын бұзылғанын мәлемдеген. Енді 200-ге жуық адам не істерін білмей сандалып жүр.
"Алдында Тенгизде көтеріліс болған кезде, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сол өзі айтты ғой, ешқандай жұмыстан қысқарту болмайды, жұмыстың барлығы жүреді деп. Сонда осы әкімнің сөзі қайда? Бізде айтқан уәдесі қайда? Біз ертең мына 200 адам қайдан жұмыс табамыз? Күздің уақыты, қыс та жақындап келе жатыр. Жұмыс болмайды да ғой көп жерлерде", - дейді жергілікті тұрғын Жаслан Қабдешев.
"Бұлардың жағдайы бойынша еңбек шарты белгілі бір жұмыстың аяқталуына дейін жасалған, егер оның уақыты келген жағдайда жұмыс беруші хабарлама беріп еңбек шартын бұзуға құқылы", - дейді Кемел Иманғалиев, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы.
Десе де, наразы жұмысшылар мұның заңды екенімен еш келіспейді. Бұл іске тез арада жергілікті биліктің араласқанын талап етіп отыр.