USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәнізоров алғаш рет сұхбат берді

  • 14.қараша.2019, 12:00,
  • 467

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы ол Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбатында айтты.

Басылымның мәліметінше, бірінші қылмыстық іс бойынша, Ыбыраев пен Баймаханов есімді кәсіпкерлер Бағдат Мәнізоровқа параны жер телімі ретінде бергендерін айтып арызданған. Ол кезде Мәнізоров Алматыда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарған. Алайда шенеуніктің өзі мұның қып-қызыл жала екенін айтып отыр.


"Мен бұл адамдарды өмірімде екі-ақ рет көргем. Олар мүлдем бейтаныс адамдар, менің қызымның сыныптастары. Қызым былтыр олардан жер телімін сатып алған. Жердің қайда екенін де білмеймін", - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары.


Екінші қылмыстық іс те Мәнізоровтың осынау басқармадағы қызметімен байланысты екен.


"Бұл іс те қолдан әзірленген. Бір тұрғын арыз жазып, оның көршісіне менің заңсыз көмектескенімді айтыпты. Көршісі құрылыс нормаларын бұзған көрінеді, мен ешқандай шара қолданбаппын. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 361 және 370-баптары бойынша үстімнен қылмыстық іс қозғауын сұраған. Тергеуде бұл дәлелін таппады. Өйткені, біз 3 жылдан бері жеке секторды тексермейміз. Ал, оған дейін біздің басқарма сол көршісіне қатысты сотқа шағым түсіріп, оны екі рет айыппұлмен жазалаған. Мұны да көрсеттім. Мен ешкімге "қамқорлық" жасамадым", - деді Бағдат Мәнізоров.


Ал үшінші қылмыстық іс бюджет қаражатын жымқырды деген себеппен қозғалған.


"1999 жылы Көксу ауданында мен әкім орынбасары қызметін атқарғам. Сол кезде бюджеттен 30 миллион теңге ұрладың деп айыптады. Міне, тіпті осындай да арыз түсті менің үстімнен. Содан кейін Көксу ауданында мен ГЭС құрылтайшысы болдым, марқұм Жанайдар Егімбаев та құрылтайшы болды. Сол екеуміз 30 миллион теңгені бірге жымқырыппыз. Бұл қолдан жасалған іс. Мұндай қылмысқа менің еш қатысым жоқ", - дейді ол.


Бағдат Мәнізоров бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтады. Қазір ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын дейді әкімнің орынбасары. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
08.10.2019
04.10.2019
23.09.2019
27.08.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930