USD 459.91
EUR 495.28
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақша жоқ - Сағынтаев Алматыдағы LRT жайлы

  • 18.қазан.2019, 14:30,
  • 404

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы LRT құрылысы туралы айтты.

"LRT-ға қатысты. Бір әкім қалайды, екінші әкім қаламайды деген әңгіме болмасын. Ненің есебінен құру қажеттігін әр әкімнің өзі шешеді. Осыны түсіну керек. Менің осында келгелі бірінші ісім LRT қанша тұрады, оған қажетті ақшаны қайдан аламыз деген сұрақ болды. Маңызды мәселе. Қала бюджетінде ондай ақша жоқ. Біз Үкіметке жүгіндік: ақша беріңіздер, біз келер жылы құрылысты бастаймыз дедік. Бірақ осы жобаның қаржы моделі бізге жүрмейді. Жұмыс істеп жатырмыз. Қомақты қаржы – алғашқы жылдың өзінде 60 млрд құю керек. Оны қаланың қай түкпірінен аламыз? Сондықтан бұл жерде Сағынтаев келді де, LRT керек емес деп айтты деген көзқарас тұрғысынан қарамау керек. Мен басқа тұстан қараймын. LRT болғанын мен де қалаймын, бірақ оны қаланың қаражатына салмаймын. Мұндай нәрселер республиканың есебінен салынады. Міне, жолайрықтың бәрі Үкіметтің есебінен салынып жаты", - деді қала әкімі жұртшылықпен кездесуде.




скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.09.2019
04.09.2019
20.08.2019
16.07.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031