USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Несиесі кешірілгендерге АӘК беріле ме?

  • 26.қыркүйек.2019, 18:00,
  • 481

Әлеуметтік желілерде "несиесі кешірілгендерге атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады" деген ақпарат тарады. Аталмыш хабарламаның қаншалықты шындыққа жанасатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты.

"Сәлеметсіз бе. Біз Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғынымыз. Біз атаулы әлеуметтік көмек алушымыз, енді ол ақшада тоқтатылады дейдіестуіміз бойынша. Себебі біздің несиемізді үкімет жауып бергені үшін,олда кіріске кіреді екен. Ол қалай сонда, шындық па? Сондай заң шығып жатыр дейді", - делінген мессенджерде тараған хабарламада. 


Еңбек министрлігінің өкілдері, бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды. 


"Бұл мүлде олай емес. Неліктен екенін білмеймін, кім мұндай ақпарат таратып жатыр, бірақ Мемлекет басшысы Жарлығында сәйкес кешірілген сомалар АӘК тағайындау кезінде кіріс ретінде есептелмейді. Мұндай жоқ. Егер мұндай нәрселер айтылып жатса, сол жерді тексеру керек. Анықтайтын боламыз. АӘК алатындар бұрынғыша алып жатыр. Кейбір жерлерде тоқтатылып жатыр, бірақ оның несиенің өтелуімен еш қатысы жоқ", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Нариман Мұқышев.  

"Бұл мүлде олай емес. Неліктен екенін білмеймін, кім мұндай ақпарат таратып жатыр, бірақ Мемлекет басшысы Жарлығында сәйкес кешірілген сомалар АӘК тағайындау кезінде кіріс ретінде есептелмейді. Мұндай жоқ. Егер мұндай нәрселер айтылып жатса, сол жерді тексеру керек. Анықтайтын боламыз. АӘК алатындар бұрынғыша алып жатыр. Кейбір жерлерде тоқтатылып жатыр, бірақ оның несиенің өтелуімен еш қатысы жоқ", - деді Нариман Мұқышев.  



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
04.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930