USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбелік қыз Сапарбаевты күтіп жүр

  • 31.мамыр.2019, 10:46,
  • 573

Ақтөбеде бес айдан бері Бердібек Сапарбаевтан хабар күткен Нарқыз ИСИМОВА Ақтөбенің бұрынғы әкімі сөзінде тұрмады деп налып отыр. Сөзінше САПАРБАЕВ аяғын емдету үшін тек шет елде жасалатын отаға ақша жинап беремін деп уәде еткен.

Ақтөбеде бес айдан бері Бердібек Сапарбаевтан хабар күткен Нарқыз ИСИМОВА Ақтөбенің бұрынғы әкімі сөзінде тұрмады деп налып отыр. Сөзінше САПАРБАЕВ аяғын емдету үшін тек шет елде жасалатын отаға ақша жинап беремін деп уәде еткен. Алайда арада жарты жыл өтсе де Нарқыз министр болып кеткен Сапарбаевтан күдерін әлі де үзбей күтіп жүр.  


Нарқыз жаңа жылда үйіне Ақтөбенің әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап келгенде қуанымышымда шек болмады дейді. «Сол кезде менің ішкі сырым мен армандарымды асықпай тыңдаған экс әкім аяғымды ұзарту үшін жасалатын отаға көмектесемін деп уәдесін беріп кетті», дейді сол кезді есіне алып. Нарқыз содан бері бір күн де үмітін үзбей Сапарбаевтан хабар күтіп жүргенін айтады. Тіпті Ақтөбеден Елорда жаққа кеткен министрдің суретін бөлмесіне сақтап қойған.


- Жаңа жылдың қарсаңы болды. Мені құттықтап келді. Сол кезде мен өзімнің ішімдегі жиналып қалған сырымды айттым. Бердібек Сапарбаев осы арманыңа жету үшін жәймендеп қадам жасап беремін деп уәде берді. Сол уәдесі әлі менің ішімде. Сол уәдесін күтіп отырмын, - дейді Нарқыз Исимова.


Қазір жасы 18-ге толған Нарқыздың диагонызы туа біткен хондродистрофия. Яғни аяқ қолдарының қысқаруы. Бұған дейін Украина еліне барып қолын емдетіп келген. Енді аяғын ұзартып, бойын ең болмаса бір метр қырық сантимерге дейін өсірткіміз келеді дейді анасы. Ол үшін кем дегенде отаның өзіне алты-жеті мың АҚШ доллары қажет екен.

- Машбековичтің өзі келді бізге. Өте қуанышты болдық. Балам мықты бақытты болды. Баламды тыңдады. Бәрін түсінді. Айтты, қолымнан не келеді мен жәрдем беремін деп. Бірақ, мен ешкімге борыш тақпаймын, ол обьязан деп. Тек ойлаймын, енді ол кісі айтқан соң мыннан бір  жәрдем болар деп. Менің балама көмек керек. Мен сұрап жатқан жоқпын миллион бер деп. Тиындап берсе де риазмын, менің жолымның өзіне үш жүз мың керек, - дейді Нарқыздың анасы Зина ӨТЕБАЕВА.


Сапарбаевтың уәдесінен кейін әкімшіліктен хат келген. Онда Нарқызға материалдық көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылып жатқаны жазылған.


«ҚР Денсаулықсақтау министрлігі жұмыс органына шет елге емге жолдауға ұсыныс беруді сұрап «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына және өңірдің ірі кәсіпорын басшыларына Сізге материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдағанын хабарлайды. Оң шешім қабылданған жағдайда Сізге қосымша хабарланатын болады», делінген облыс әкімінің орынбасары Марат ТОҚЖАНОВТАН келген хатта.

Сапарбаевтың тапсырмасын денсаулықсақтау басқармасы да алдық деп отыр. Сөздерінше қазір жан жақты жұмыс істеп жатқан көрінеді.

-  Ол тапсырманы біз алдық. Сол себептен оны Астанаға консультацияға жіберіп отырмыз. Қашан операцияның керек екенін шешуге. Шешімі июньде, рентгеннен кейін қашан операция жасалады, қай жерде жасалады шешімін қабылдаймыз. Сол шешім бойынша операция жасалады, - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана ЕСЕНАМАНОВА.


Қазір Нарқыздың анасы шет елде жасалатын отаға ақша жинап жатқанын айтады. Қажетті қаражат жиналса Украинаға бармақшы. Ал Нарқыз өзіне уәде беріп кеткен Бердібек Сапарбаевтан әлі де болса хабар күтіп жүр.

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
04.06.2019
03.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930