"Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Президент Әкімшілігі комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілерді қатаң жазалау жөнінде ұсыныстар енгізгені жөн. Оның ішінде аса қауіпті объектілерге тікелей жақын жерде құрылыс салуға жауапсыз рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл жұмысты шұғыл жүргізу керек, 10 тамызға дейін тиісті ұсыныстар беріңіз. Барлық кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс және жазалануы керек", - деп тапсырды Тоқаев.
"Осы оқиғадан сабақ алу керек. Мұндай жағдайлар қайталанбауы тиіс. Үкіметке төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға жауапты қызметтердің функционалдық дайындығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі мәселені қарауы керек. Тиісті ұсыныстар бір ай мерзімде енгізілуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.