"Бізге ешқандай қытайлық зауыттар керек емес. Біздің жастарымыз бен ер адамдарымызға жұмыс керек", - дейді жиынға қатысушы.
"Өз экономикамызды өзіміз көтереміз, бізге қытайлық зауыттар керек емес. Олар біздің экологиямызды құртады", - дейді келесі бір наразы азамат.
"Бұл зауыттар бойынша жұмыстар көптен бері жүргізіліп келе жатыр. Экологияны бұзатын ескі зауыттарды алып келіп, онда қытайлық азаматтар жұмыс істейді деген қауесеттер тарап жүр. Бірақ біздің өз заңымыз бар, ондайға жол бермейміз. Әңгіме жаңа зауыттар жайлы болып тұр. Кейбір зауыттар жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл толығымен қытайлық кәсіпорындар емес. Ол біріккен зауыттар. Кәсіпорын иесі қазақстандық бизнесмен, ал инвестиция Қытай мемлекетінен алған, кейде зауытта 50 де 50 пайызбен қазақстандық және қытайлық компаниялар басқаратын кездер болады. Бізге инвестиция қажет. Германиялық, ресейлік және тағы да басқа кәсіпкерлермен бірге зауыт құратын кездер болады", - дейді Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.