USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Барыс" қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

  • 16.қазан.2019, 12:30,
  • 518

Бүгін елордалық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Латвияның "Динамо" командасын қабылдады.

Бірінші кезеңде елордалық клубтың басымдығы байқалды. Десе де қос команданың да қақпалары бос қалды.


Екінші кезеңнің 25-минутында "Динамо" ойыншысы Рихард Маренис өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін 31-минутта "Барыс" сапынан Әлихан Әсетов таразы басын теңестірді. Ал 34-минутта "Динамо" тағы да гол соғып кетті. Оны латыш хоккейшісі Лаурис Дарзиньш өз еншісіне жазды.


"Барыс" үшінші кезең бастала салысымен тағы да таразы басын теңестірді. Ойынның 41-минутында Роман Старченко мергендік танытты. Ал 48-минутта латыш хоккейшісі Картер Эштон гол соғып кетті. Ойынның 54-минутында Әлихан Әсетов кездесу барысындағы өзінің екінші голын қақпаға енгізді. Есеп 3:3. Соңғы минуттарда қос команда да жеңіске жету жолын іздеді. Кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда латыш командасынан Кристарс Сотниекс жеңіс шайбасын соғып кетті. Нәтижесінде "Барыс" қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп қалды.




скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
05.09.2019
03.09.2019
26.07.2019
19.07.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031