USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Барыс" Владивостоктың "Адмиралынан" жеңіліс тапты

  • 03.қыркүйек.2019, 18:00,
  • 537

Бүгін елордалық "Барыс" биылғы құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынында Владивостоктың "Адмиралынан" жеңіліп қалды.


Бірінші кезеңде қос команда шабуылға жиі шықты. Десе де екі клубқа да қақпаға гол соғуға мүмкіндік болған жоқ.


Екінші кезеңде "Адмирал" хоккейшілері екі шайба соғып кетті. Алдымен олардың сапынан 31-минутта Маркус Юнг өз командасын алға шығарды. Одан кейін 39-минута оның әріптесі Адам Альмквист есепті үстемелей түсті.


Үшінші кезеңде "Барыс"  хоккейшісі Корбан Найт 50-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді. Соңғы минутта елордалық хоккейшілер қақпашыны ойыншыға алмастырды. Қақпаның бос екенін пайдаланған "Адмирал" сапынан Василий Стрельцов  мергендік танытты.


Осылайша бүгінгі кездесуде "Барыс" командасы "Адмиралдан" 1:3 есебімен жеңіліп қалды.


скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2019
02.08.2019
19.07.2019
18.07.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031