USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еуропа лигасы: "Ордабасы" тең түсіп, "Қайрат" жеңілді

  • 26.июля.2019, 13:00,
  • 652

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Израильде, шымкенттік "Ордабасы" Чехияда матч өткізді.

"Ордабасы"сырт алаңда "Млада-Болеслав" командасымен кездескен. Матч 1:1 есебімен аяқталды.


Ойынның 21-минутында Мирзад Механович шымкенттік клубты алға шығарды. Алайда бірінші таймның соңында алаң иелері Николай Комличенко соққан голдың арқасында есепті теңестірді.


Қарымта матч 1 тамызда Шымкентте өтеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де.

Ал алматылық "Қайрат" Беэр-Шева қаласында "Хапоэльмен" кездескен. Израильдік команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.


Ойынның 10-минутында Рамзи Сафури пенальтиден есеп ашқан. "Қайратта" есепті теңестіретін мүмкіндіктер болғанымен, алматылық футболшылар оларды пайдалана алмады. Нәтижесінде екінші таймда Эден Шамир өз командасының екінші голын соқты. Матч соңына қарай Елдос Ахметов есеп айырмасын қысқартқан, бірақ төреші голды есептемей тастады.


Енді бұл командалардың қарымта матчы 1 тамызда Алматыда өтеді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : "Қайрат" ФК
Тағы да оқыңыздар:
24.07.2019
19.07.2019
18.07.2019
18.06.2019
11.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031