USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Астана" Чемпиондар лигасымен қоштасты

  • 18.июля.2019, 12:30,
  • 466

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық "ЧФР Клужбен" қарымта матч өткізді.

Кездесу румыниялық Клуж-Напока қаласында болған. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. 


Қазақстан чемпионы матчтың 4-минутында алға шыққан. Роман Мұртазаев допты алаң ортасында қабылдап алып, алыстан соққы жасады - гол. 


Алайда бірнеше минуттан соң ЧФР таразы басын теңестіріп тастады. Гол соққан - Билель Омрани. Ал бірінші таймның ортасында Омрани тағы бір гол соғып, өз командасын алға шығарды. 


73-минутта Абзал Бейсебековтің аяғына тиген доп қараусыз қалған Омраниге жеткен - футболшы тағы мүлт кетпеді.


Ойын соңында "ЧФР Клуж" екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал "Астана" енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда екінші іріктеу кезеңінде андорралық "Санта-Колома" командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде Андоррада, қарымта ойын 1 тамызда елордада өтеді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2019
20.06.2019
18.06.2019
14.06.2019
11.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930