USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚХЛ: "Барыс" алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • 05.қыркүйек.2019, 16:30,
  • 611

Елордалық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынында Хабаровскінің "Амур" командасын қабылдады.



Есепті алғаш болып "Амур" хоккейшілері ашты. Оны 18-минутта Томаш Загорна орындады. Ал екінші кезеңнің 25-минутында "Барыс" хоккейшісі Антон Сагадеев таразы басын теңестірді. Ал 30-минутта "Амур" сапынан Игорь Руденков қайтадан өз командасын алға шығарды. "Барыс" жігіттері 32-минутта тағы да таразы басын теңестірді. Соғылған шайба Алексей Маклюковтың еншісіне жазылды.


Соңғы кезеңде айдын иелері ойын тізгінін бірден қолға алуға тырысты. Қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде Қазақстан командасы сапынан Корбан Найт гол соқты.


Осылайша "Барыс" клубы "Амурды" 3:2 есебімен тізе бүктірді.


"Барыс" ендігі кезекте 8 және 9 қыркүйекте Қытай астанасы - Бейжің қаласында жергілікті "Куньлунь Ред Стар" комндасымен екі кездесуде айдынға шығады. Ал 11 қыркүйекте сыртта бүгінгі қарсыласы - "Амурмен" кездессе, 13 қыркүйекте "Адмиралмен" ойнайды.


скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2019
16.08.2019
02.08.2019
19.07.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031