Токмәди қазір жазасын өтеп жатқан колониядан байланысқа шықты. Оның айтуынша, Әблязов оның отбасына қауіп төндірген.
"Ол арнайы қызметтердің біздің қарым-қатынасымыз туралы бәрін білетінін айтты. Біздің аң аулауға ғана емес, өмірде де жақсы қарым-қатынасымыз барын біледі деді. Мені және менің отбасымды қорқытты. Өлтіремін немесе қаматамын деп қорқытты. Онда банк алдында қарызым төрт миллион болды. Ол өзі ұсынды (Тапсырыс бергенін айтып отыр - Ред.). Барлық қарыз өтелетінін айтты", - деді ол.
Сондай-ақ, Тоқмәди Әблязовтің өзі оны Тәтішевті өлтіруді сұрағанын айтты.
"Барлығы бірнеше кездесулерде болды. Ол маған Ержанның оған дұрыс қарамағанын айтты. Ол өз үлесін алып, оны шақырды. Мен барлық сөзімді растаймын", - деп атап өтті сотталушы.
Өз кезегінде судья Азамат Тілепов Әблязовтің Тәтішевті не үшін өлтіруге тапсырыс беруді шешкенін айтты. Оның айтуынша, Әблязов пен Тәтішев БТА банкін 1999 жылы сатып алды. 2002 жылы Әблязов қамауға алынып, сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Алдын ала тергеу кезінде олардың арасында уағдаластық болған: Әблязов өз активтерінің бір бөлігін Тәтішевтің атына қайта жазуы керек болды. Мәміле құны сол сәтте - 300 миллион доллар болды. Олигарх 2003 жылы рақымшылықпен босап шыққанынан кейін оның құны шамамен үш миллиард теңгеге дейін өскен активтерге қатысты банкирмен даулар туындаған.
"Оларда өзара дау пайда болды. Бұл тергеу кезінде дәлелденген. Әблязов Тәтішевтің көзін жоюды шешті. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, оған ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев көмектескен. Тәтішев істегеннің бәрін Әблязов біліп отырған", - деп атап өтті Тілепов.