USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Күдебаев өкілі: "Тоқаев Тезекбаевты босатсын деген жоқ"

  • 30.қыркүйек.2019, 17:00,
  • 1 292

Отандық БАҚ-та полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев пен алматылық дәрігерлер дауы ерекше қозғалуда. Бүгін бұл іске қатысты Күдебаевтар адвокаты Айман Омарова мен басшы інісі қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. 


Адвокат Айман Омарованың айтуынша, полиция департаменті басшысының баласы қайтыс болғанда көпшілік полицияға деген жағымсыз пікір қалыптастырып алған көпшілік "сол керек" деген пікірлерді айтқан. Ол қоғам полиция қателігін байқағанмен дәрігер дұрыс емдемеуінен болған жағдайлар және дәрігердің қатесінен адам қайтыс болғанын байқамайды деген пікірде.


"Бәрі "Күдебаев Германияда қайтыс болған" дейді. Ал оның осы жерден өлім аузында болып, Германияға аттанғанын айтпайды. Тезекбаева күйеуін құтқару үшін Тоқаевқа айтқан сөзінде өтірік айтты. Осыдан кейін Тезекбаев бостандыққа шығып, батыр болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тезекбаевты босатсын деген жоқ. Ол «заң жүзінде шешу керектігін" айтты", - дейді Омарова.


Ал Нұрсұлтан Күдебаевтың немере ағасы Бақтияр Әбдірайымов оны Германияға алып барғанын оқиғаны айтты. Сондай-ақ, Тезекбаеваның Тоқаевқа жазған хатында бұрмаланған тұстар бар екенін жеткізді.


"Хатта Нұрсұлтан Германияға операциядан кейін жіберілгені туралы жазылған. Бірақ бұл қате. Операция 1 тамызда жасалды. Біз Германияға 21 тамызда ұшып кеттік. Үш апта бойы Нұрсұлтан 4 ауруханада реанимацияда қазақстандық дәрігерлердің қарауында болды. Германияда оны бірден реанимацияға қабылдап, зерттеді. Онда ешқандай операция болған жоқ. Хатта Нұрсұлтан дәрігер Тезекбаевтың қарауына ауыр хәлде түсті делінген. Басында ол жетінші ауруханаға түсті. Онда орташа жарақат бар деп жазылған. Төртінші аураханаға ол өзі жүріп барған. Онда түскенде бір жарым күн бойы адамдармен тілдесе алды. Хатта жалған жазған", - дейді Әбдірайымов.


Оның айтуынша, Тезекбаев операцияны аяқтамай шығып кеткен. Нұрсұлтанның отбасына келіп, бәрі дұрыс екендігін айтқан. Бірақ бір сағаттан кейін Нұрсұлтанның жүрегі тоқтап қалғанын, оны құтқару үшін медикаментозды комаға түсіргендерін жеткізген.


Ал Германияға барғанда неміс дәрігерлері оның өмірін алып қалу мүмкін емес деп айтқан.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2019
25.09.2019
25.09.2019
24.09.2019
13.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930