Лаңкестік ұйым мүшесі Махамбет Қажипанов "Жусан" операциясының арқасында елге оралғандардың бірі.
"Оның алдында бір видео қарағанмын, бір сириялық екі қызын үйіндінің астынан суырып алып жылап жатыр. "Мұсылмандар, қайдасыңдар?" деді. Сондай видеоларды қарапқарап, маған ой келді: "Сен осылай жүрсің ғой, ертең Алланың алдына барғанда не айтасың? Сенде бәрі жақсы, мұсылмандар болса қор болып жатыр". Сол ойым маза бермей, 2015-ші жылы аттанып кеттім. 2016-шы жылы ана жаққа барып қосылғанда бәрі басқаша екеніне көзім жетті", - дейді жазасын өтеуші Махамбет Қажипанов.
Ол Сириядағы соғысқа қатысуды өзіне мәртебе санағанын айтады. Тіпті сол үшін өмірін қиюға да әзір болатын. Шам жұртындағы шынайы өмірмен бетпе-бет келгенде бәрі тым кеш еді.
"Онда бауырмалдық жоқ. Ол жерде саған ешкімнің жаны ашымайды. Ол жерде ондай емес екенін ақыры түсінесің. Әлгі интернетте видеолардан көргендей емес, мүлдем басқаша. Ол жақта мұнай үшін соғысып жатқанын ұқтым. Қазақстаннан келгенде бізде бір топ болды. 2017де олардан бас тартып шығатын жол іздедік", -дейді Махамбет Қажипанов.
"Біз секілді Қазақстан азаматтары көп. Өліп қалды. Жан тапсырды. Өкінішті. Ол жақта көптеген аналар баласынан айырылып қалды. Біз аманесен келдік, шамалы қалғандары сол. Ер адамдардың көбісі өліп қалған. Бізде, Оралдан 50 адам болды. Соның тек үшеуі ғана келдік. Алдымен әке-шешеңізді ойлаңыз. Білімге ұмтылу керек. Дін деген ондай емес, интернеттен оқып алып, болды, жаңа жәннат тұр дейтіндей", - дейді ол.
Азамат жазасын өтеп шыққан соң қателігін түзеуге ниетті. Отбасы оның қателігін кешіріп, қайтадан қабылдағанын армандайды.