USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сайрагүл Сауырбайдың алғашқы ашық сұхбаты

  • 23.қыркүйек.2019, 13:00,
  • 603

Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай өзінің қазіргі тұрғылықты мекені Швецияда алғаш рет сұхбат берді. 


Сайрагүлдің осы сұқбатынан кейін Қытайдың Швециядағы елшісі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында оның сөздерін жоққа шығарып, "өтірікші" деп айыптады.


Ал Қазақстандағы Қытай елшісі бұл мәселе туралы пікір білдіруден бас тартқан болатын.


"Қазақстанда мен «шекарадан заңсыз өтті" деген айыппен сол жерде 9 ай түрмеде жаттым. Түрмеден шыққаннан кейін де маған Қытайды әшкерелеуге тыйым салды, үйден шығармады. Сондай жағдайда мен көптеген елдердің ақпарат құралдарына шығып, солардың машинасында отырып жарым түнде осындай ақпараттар бердім. Не үшін? Бұл жерде "менің ұлтым", "сенің ұлтың" деген әңгіме жоқ. Бұл жерде сол концлагерьдегі саяси құрбан болып жатқан жазықсыз жандардың құқығы үшін, солар үшін мен осылай етуге мәжбүр болдым.


Сондықтан айтарым, Қазақстаннан Қытайға екі рет депортацияламақ болған кезде осы халықаралық ақпараттардың жазуымен, араласуымен мен сол өлімнен қалдым. Содан кейін, ең қиын кезде – Қытайға қайтарылу алдында тұрғанда отбасыммен осы Швеция үкіметі бізге ие болып, осында алып келді", - деп сөзін аяқтады Сайрагүл Сауытбай.


Сайрагүл өзінің Қытай түрмесіндегі қызметінің қалай басталғаны туралы айтып бастады.


"2017 жылдың 11-ші айында бір күні түнде бір бейтаныс телефон келді маған. "Сен осындай жерге келіп тұр", – дейді. Ол жердің адресін айтты. Мен сұрадым қарсы жақтан: "Сіз кімсіз?" "Кім екенімді сұрама", – дейді бейтаныс телефон. Мен айттым: "Қайда, не үшін барамын?" – деп. Ол кезде адамдарды сондай қатты ұстап жатқан кез болатын. Сұрап едім, ол адам айтты маған: "Ертең ішкі Қытайға үйренуге барасың. Сондықтан сен сол жерге барып тұр", – деді. "Басқа ештеңе сұрама", – деді. Ал ол жерге барғаннан кейін тағы да бір телефон нөмірін берді. "Сен сол телефонға "мен жеттім" деген екі сөз жазып қойсаң, болды", - деп айтты бейтаныс адамдар, – деді Сайрагүл.


Түзету лагеріндегі өмірі


"Содан кейін біздің сол жердегі тұрмысымыз басталды. Ол жерде 2500-ге жуық адамдар болды. Барлығы да кінәсіз адамдар. Ең кішісі 13 жастағы кішкентай бала, үлкені 84 жасқа дейінгі қарттар


Ерлер, әйелдердің барлығының шашы тақырлап алынып тасталған. Қолдарында, аяқтарында кісен. Сол жердің тәртібі бойынша бір адам 1 шаршы метр жерге жату міндеттелген және оң қырымен ғана. Таң атқанша қозғалмау керек. Егер қозғалатын болса, онда ауыр жазаға ұшырайды. Сонда бір кішкене ғана бөлме ішінде 16-17, 20-ға дейін адам жатады қысылып. Тек қана оң жағымен жату міндеттеледі. Жерге, цемент-бетон үстіне жұқа палас төселген. Адамдар соның үстінде ұйықтайды", - деп сөзін жалғастырды Сайрагүл.




скачать dle 12.0
Фото авторы : serke.org
Тағы да оқыңыздар:
18.09.2019
13.09.2019
05.09.2019
29.08.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930