USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматылық жұмысшылар наразылыққа шықты

  • 02.қазан.2019, 12:30,
  • 491

Алматыдағы екі ай жалақы алмаған "Ұлжан-2" шағын ауданындағы құрылыс жұмысшылары наразылыққа шықты.

Бұл аумақта техника бірнеше күннен бері қозғалыссыз тұр. Себебі құрылысшылар жұмысқа шығудан бас тартқан. Жыл соңына дейін 21 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталуы керек еді. Әзірше жоспарланған жұмыс тек жартылай ғана біткен.


Жұмысшылар еңбекақыны алмағанша орындарынан қозғалмайтынын айтқан. Олардың басым бөлігі қалаға Оңтүстік өңірден келген. Барлығы - үйінің жалғыз асыраушысы.


"Осы жерге жұмысқа тамыздың 15-де келгенмін. Содан әлі айлық алған жоқпыз. Тамақ, жататын жер осы жерден. Бірақ әлі қолымызға айлық түскен жоқ", - деді мердігер компания жұмысшысы Қайрат Айнақұлов.


"Біз тек бір айдың жалақысын беруіміз керек. Аумақ басшысы жұмысшыларға аванс беру үшін кеңсеге кетті", - дейді "Дәулет-дорстрой" ЖШС құрылыс бригадасының басшысы Айбар Әубәкіров.


Құрылысшылардың сөзінше, жалақының берілмеуіне қаржылай қиындықтар себеп болған. Тапсырыс беруші қалалық мобильділік басқармасы қаржыны толық аудармаған дейді. Сол себепті еңбекақы кешіктіріп жүр екен. Ал басқарма белгіленген қаражат мердігер компанияға уақытылы аударылғанын алға тартқан.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.08.2019
07.08.2019
12.07.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930