Оқиға Жәйерем ауылында болған. Қақтығысқа түскен кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
"Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.