USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Назарбаев сот отырысында өз кінәсін мойындады

  • 23.қыркүйек.2019, 12:30,
  • 560

Лондонда бұзақылық жасады деп айыпталған Айсұлтан Назарбаев өз кінәсін мойындады. 


Ұлыбритания астанасында сенат спикері Дариға Назарбаеваның баласы Айсұлтан Назарбаевтың сот отырысы жалғасуда. Оған полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені және жеке мүлікке зиян келтіргені үшін айып тағылып отыр.


Саузуорк корольдік сотының мәлімдеуінше, 5 маусымда Назарбаев Лондон орталығындағы Covent Garden-де бөтен адамның пәтерінде ұсталған. Ол 29 жастағы полиция қызметкері Росс Сэмбруктың қолын қатты тістеп алған. Офицердің қолында қан ізі қалған.


Айсұлтан Назарбаевтың қорғаушысы Алисдар Уильямсонның жеткізуінше, Қазақстан үкіметі тергеушілермен ынтымақтастық жасауда. Сондай-ақ, олар "Британия билігі паспортын тартып алған соң Назарбаевқа жаңа паспорт бермейтінін айтқан".


"Бұл - бір түсініксіз жағдай. Полицейлер келгенде айыпталушы пәтерде болған. Пәтерден ештеңе ұрланбаған, бірақ (пәтерге) аздаған зақым келген, шығын сомасы 5 мың фунт шамасында деп айтылды", - дейді Уильямсон.


"Бұл жағдай есірткінің әсерінен орын алды деуге толық негіз бар деп ойлаймын. Айыпталушының халі өте нашар болған. Бұл айыпталушының А санатындағы есірткіні қолдануына орай ауыр проблемасы бар",- деген судья.


Ал Айсұлтан Назарбаев шабуыл жасағанын, адам денсаулығына зиян келтіргенін және мүлікті бүлдіргенін мойындаған.


Оған келесі сот отырысында үкім шығарылады. Ол Қазанның 18-і күні үкімді естуге сотқа келетін болады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
12.09.2019
04.09.2019
24.07.2019
12.07.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930