USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық режиссердің туындысы "Жылдың үздік видеосы" атануы мүмкін

  • 24.июля.2019, 18:00,
  • 474

Америкалық 21 Savage және J. Cole рэп-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды. Бейнебаянды отандасымыз жас режиссер Айсұлтан Сеитов түсірген.

A Lot әні "Жылдың үздік видеосы" атағына таласатын болады. Қазақстандық режиссермен бірге Билли Айлиш, Ариана Гранде, Jonas Brothers, Lil Nas X пен Билли Рэй Сайрус және Тейлор Свифт сынды әншілер де бағын сынайды.

Айсұлтан Нью-Йорктағы кино академиясында білім алған. Жас режиссер қазақстандық және шетелдік әртістерге түсірген бейнебаяндарымен танымал. 


Қазақстандық Jah Khalib, Скриптонит, Moldanazar орындаушылардан басқа Ivan Dorn, L'One6, T-Fest, Элджей және Miyagi & Эндшпиль сынды ресейлік және украиндік әншілермен жұмыс істеген болатын.


Америкалық Offset және 21 Savage сынды рэперлерінің бейнебаяндары Айсұлтанның соңғы әрі аты шулы туындылары болып табылады.


скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
18.07.2019
17.07.2019
15.07.2019
20.06.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930