USD 537.96
EUR 630.27
RUB 6.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Баянауылдан өрт шықты

  • 23.қыркүйек.2019, 09:30,
  • 606

Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағының аумағында алапат өрт шықты. 

Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Олардың айтуынша, алапат өрттің аумағы тым орасан және елді мекенге жақындап келеді екен. 


Жергілікті тұрғындар екінші тәулік бойы өз күшімен өртті сөндіріп жатыр, алайда жел бар еңбекті зая кетірді. Көмек керек", - делінген желіде тараған видео анықтамасында.


Ресми мәлімет бойынша, өрт 22 қыркүйекте күндіз шыққан. Орманды алқапта шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 2,5 гектар. Өрт сөндіруге 100 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған.


"Алапат өрт шыққаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға айтылды. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі барды. Сондай-ақ, өрт сөндіруге төрт арнайы техника қосымша жұмылдырылды", - деді облыстық әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері.  



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031