Қазіргі уақытта "Саяхат" маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
"2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті алауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған.
"Казавиақұтқару" АҚ бортын әуеге көтердік", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта суағар тіркелген тікұшақ өрт үстіне су шашып жатыр