USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістанда алапат өрттің себебі анықталды

  • 11.қыркүйек.2019, 10:30,
  • 466

Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталды.

Куәгерлер 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. 


Артынша жарылыс болып, жалын қонақүйдің төбесін шарпыған. Қалалық орталық ауруханаға 4 адам жеткізілген. Олар өрт сөндіру қызметінен. Олардың жағдайы орташа деңгейде деп бағаланған. Өрт үш тонна газ автоцистернасынан шыққан екен. 


Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған. Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031