USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көпбалалы ана көпірден секірмекші болды

  • 20.қыркүйек.2019, 10:00,
  • 686

Желіде Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмекші болған көпбалалы ана видеосы тарады. Қала назарын ауған әйел өзіне пәтер бөлуді талап етті. 



"Кезекте тұрмағанымен өзіне пәтер сұраумен болды", - деді Қоғамдық даму мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрсұлтан Рахманберді. 


Видео кадрларында азаматша жаяу жүргінші көпірінің қоршауынан асып түскені байқалады. Кейін құқық қоғау органдары қызметкерлері оны қауіпсіз жерге алмасуына көндірді. 


"Көпбалалы аналар ұйымдастырған заңсыз митинг жайлы. Олардың талаптары бізге түсінікті. Қала әкімдігімен талай рет кездескен еді. Басты талап - пәтер бөлу. Талап қоюшылардың көбісі кезекте тұрған жоқ. Ал пәтерлер заңды түрде берілуі тиіс. Ең алдымен, кезекке тұру қажет. Митингке шығу арқылы пәтер талап ету - заңсыз қылық", - деді басқарма өкілі.


Оның айтуынша, азаматшаларға Екібастұз бен СҚО-на көшумен қатар баспана да, "Еңбек" бағдарламасымен жұмыспен қамтамасыз ету де ұсынылған-ды. 


Айта кетейік, 18 мен 19 қыркүйек күні бір топ аналар Министрліктер үйі алдында жиналған. Кей бөлігі Мәңгілі Ел даңғылында қозғалысты бөгеді. 

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
19.09.2019
12.09.2019
03.09.2019
12.07.2019
27.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031