"Көбісі митингқа шығу үшін алдымен арнайы жүйеден өту керектігін біле бермейді. Белгіленген күннен 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуы тиіс. Сол кезде митинг ұйымдастырушылары да, қатысушылары да жауапқа тартылмайды", - деп xабарлады қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.
Көлікпен қамтамасыз ету, қозғалыс жақтастарын жасыру, ұйымды қаржыландыру мен ақпаратты тарату секілді істер экстремисттік ұйымды қолдау мен оған жәрдемдесу ретінде қарастырылатынын атап өтті.
"Оны (Әбілязовті) тыңдайтын, оған жаны ашитындарға айтарым - оған сенуге болмайды. Адамдарды заңсыз шерулерге шығуға қасақана үндейді. Елден ұрлаған ақшаны алаңға шыққандарға төлейді. Арандатушылыққа берілмеуіңізді сұраймын", - деді Бас прокуратура өкілі.