Жиналған жұртқа Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауап берді.
"Сіздер Шымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр, мүгедектер де бар, жағдайы нашар отбасылар бар, көпбалалы аналар бар. Мен оларға не деуім керек? "Мен сіздерге бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін" деуім керек пе? Олар да сіздердей адам ғой, олар да сіздер секілді жиналып, талап етуі мүмкін. Кейбірі тіпті 10 жылдай кезекте тұр. Арыс жақсы қала, станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдар салынады", - деп жауап берді қала әкімі.