"Әрине, аймақтарға көші-қон бағдарламасы туралы естідім. Көшіп кеткендер де болды. Бірақ мұнда көшкісі келмейтіндер жиналды. Мысалы, мен басқа қалаға кетуім керек деп санамаймын", - дейді төрт баланың анасы Гүлзат.
Көпбалалы аналармен кездесуге қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова келді.
"Мұқтаждарға сатып алу құқығынсыз жалға үй беріледі. Кей әйелдер "Бізде бастапқы жарна бар. Екіпайыздық кредиттеуге мүмкіндік жасаңыздар" деп жатады. (...) Біз алты тізім құрдық: аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапаталғандар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды асырап отырған аналар, 18 жастан асқан, бала кезінен мүгедек балаларға қарап отырған аналар және асыраушысынан айырылған отбасылар. Үй бойынша қай отбасы көмектің қандай түрін алатынын білу үшін қала жәрдемдесуі керек деп ойлаймын", - деді Жақыпова.
Бақтияр Мәкен әйелдерге автобуспен әкімдікке барып, сонда әрқайсымен жеке-жеке сөйлесуді ұсынды. Жиналғандардың бір бөлігі әкім орынбасарымен баруға келісті.