10 сәуір 2025, 5:47
USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін көтерді

  • 13.қыркүйек.2019, 13:30,
  • 578

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов айтты.


"Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқыққорғау органдары ұстаған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен болатын. Оның мәтіні БАҚ-та жарияланды. Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды", - деді Мұрат Нұртілеуов.


Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.


"Мемлекет басшысы өз тарапынан бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы тармақ ретін енгізіледі", - деді Президент көмекшісі.


скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
12.09.2019
16.07.2019
16.07.2019
02.07.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930