Бұл ұсынысты мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтқан болатын.
«Кадрларды әзірлеу және әскери-патриоттық тәрбие беру шараларының аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарын, робототехниктерді, жасанды интеллект мамандарын әзірлеу керек. Басқаша айтқанда SMART ұрпақ қалыптастыру керек. Осыған орай, «Жас сарбаз» қозғаласының базасында, ең әуелі физико-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде SMART-SARBAZ үйірмелерінашуды ұсынамын», - деп ҚР Президенті өз ойын білдірген болатын.