Президент Арыстағы жағдай күрделі екенін атап өтті, Үкімет барлық жоспарланған іс-шараларды қысқа мерзімде орындауы қажет.
"Еліміздің азаматтары, бизнес өкілдері, шетелдік инвесторлар қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетті. Бұл халқымыздың бірлігінің көрсеткіші. Барлығына алғыс білдіремін. Премьер-министр бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет. Қорғаныс министрлігі әскери қойманы орналастыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл жұмысты созбау керек. Қысқа мерзімде бұл мәселелерді шешу қажет", - деді Президент.