USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

1 мың гектар орман қалпына келмейтіндей өртеніп кетті

  • 23.августа.2019, 16:30,
  • 703

Жыл басынан елімізде 1 мың гектарға жуық орман қалпына келмейтіндей өртеніп кеткен. Бұл туралы брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты.


"Елдегі орман қорының 18-20 пайызы ғана Ұлттық мемлекеттік табиғи парктерде шоғырланған. Жалпы елімізде 65 мың гектардан астам алқапта өрт болды. Оның ішінде 31 мың гектары орманды алқаптарын шарпыған. Биыл ауа райы өте құрғақ. Орман өртіне қарсы қызметтер тәуліктік режімде жұмыс істеуде", - деді вице-министр.


Жыл басынан бері өрттен келген шығын көлемі 221 млн теңгені құраған. Әзірге өрт себептері зерттеліп жатыр.

"Бізде өрттердің саны көп болғанымен, ауқымдары шағын. Қазірге дейін 1 мың гектарға жуық орман алқабы қалпына келмейтіндей болып өртенді", - деді вице-министр.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031