«Әдетте астана қысқы жылыту маусымында ғана түтінге оранатын. Бірақ бүгінгі түтін Сібір ормандарындағы өртпен тығыз байланысты. Желдің бағытымен өрт түтіні Қазақстан аумағына да жетті», - деп түсіндірді С. Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта.
Оның айтуынша, 25 шілдеде Ресей Федерациясының Иркутск облысы мен Краснояр өлкесінде 1 млн гектардан астам орман өртеніп жатыр.
«Сәйкесінше, өрт түтіні елордаға жетті. Екі күннен бері Павлодар қаласының тұрғындары дәл осындай түтінге тап болған еді. Оның құрамында зиянды заттар жоқ. Тұрғындардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алаңдауға да негіз жоқ», - деді депаратмент басшысы.
С. Байғабылов түтіннің шамамен екі күнге созылатынын айтты. Демалыс күндері ауа райы қалпына келеді.