"Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртін сөндіру кезінде 5 тамыз күні үш адам қаза тапты, олардың біреуі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, екі жергілікті тұрғын табиғи апатпен күрескен. Сонымен қатар, жеті адам түрлі дәрежедегі күйік алған, оның ішінде бір адам аяғын сындырды. Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілді, одан әрі Жаркент орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 13 арнайы техника мен Алматы облысы ТЖД мен полиция департаментінің, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің жеке құрамынан 59 адам бар.
Ведомстводағылардың айтуынша, апатпен күрес ауыр дене күші мен нашар көріну жағдайында, күрделі метеожағдайларда өткен. Өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, өртті оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды, соның ішінде оқиға орнына тағы бір "Қазавиақұтқару" тікұшағы көшірілді. "Жағдай бақылауда. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.