Астанадан 200-ден астам жанұя жылдың аяғына дейін Екібастұз қаласына көшетін болады. Осы туралы Үкімет үйіндегі брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрлі Ержан Жилкибаев хабарлады деп «Казинформ» ХАА тілшісі хабарлайды.
«Ал үшінші бағыт туралы айтатын болсақ («Еңбек» бағдарламасы) Ол әлеуметтік жұмыс орындарын, жастаар тәжірибесі мен қоғамдық жұмыстарды қамтиды. Бұл іс-шаралар 88 мың адамға өткізілді.
Вице-министр осы бағыт бойынша оңтүстік жұмыс күші шамадан тыс аймақтардан солтүстік жұмыс күші тапшы аймақтарға азаматтарды көшіру көзделгені туралы мәлімдеді.
«Осы жылы 2 253 отбасыны немесе 10 мың адамды көшіру жоспарланды, Бүгінгі таңда 1050 отбасы немесе 4000 адам көшірілді, оның ішіде 2000 адам жұмысқа орналастырылды немесе еңбекке қабілетті халықтар 65%. Сіздер білетіндей «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысында «Nurly Ertis» пилоттық жұмыс іске асырылуда, жылдың басынан бастап Нұс-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына 103 көп балалы отбасы немесе 600-ге жуық адам көшірілді. Олардың барлығы бүінгі таңда тұрғын үймен, еңбекке қабілеттілерден 80 пайызы жұмысқа орналастырылды, балалар балабақшамен қамтамасыз етілген және оқушылардың мектептеріне баруларына да жағдай жасалған. Бағдарлама өз тиімділігін көсертті, Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласынан 200-ден астам отбасыны Екібастұз қаласына көшіру жоспарланып отыр»,- деп қоса хабарлады Ержан Жилкибаев.