USD 494.66
EUR 581.87
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар

  • 24.июля.2019, 10:30,
  • 687

Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында) өрт қаупі белгіленді.

"Өткен тәулікте 23.07.2019 жылы Ақмола (Ақкөл ауданы), Ақтөбе (Ырғыз, Мұғалжар аудандары), Жамбыл (Мерке, Талас аудандары), Қостанай (Алтынсарин, Қамысты аудандары), Павлодар (Шарбақты аудандары), Солтүстік Қазақстан (Айыртау ауданы) облыстарында 11 учаскеде табиғи өрттер оқшауланып, жойылды. Аталған өңірлерде жергілікті жерлерде және орман шаруашылықтарында құрғақ шөп пен ормандар өртенді. Отпен өткен жалпы ауданы 10 мың га құрады. Өрттің алдын ала себебі-найзағай разряды және тұрғындардың отпен абайсыз болуы. Табиғи өрттерді жоюға орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, ТЖД күштері мен құралдары тартылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖ комитетінің бақылауында Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы, сондай-ақ Павлодар және Қостанай облыстарындағы орман алқаптарының жануы фактілері бар.

скачать dle 12.0
Фото авторы : today.kz
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728