"Ең үлкен конкурс келесі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша болып отыр: бірінші орында – "құқық". Бұл жерде бір орынға талас 5,7 адамды құрады. Яғни, 134 грантқа 759 өтініш келіп түсті. Екінші орында – "филология" (бір орынға 4,2 адам). Содан кейін "халықаралық қатынастар" (бір орынға 3, 8 адам), "менеджмент және басқару" (3,3 адам), сондай-ақ "туризм" (3,1 адам). Келесі білім беру бағдарламаларының топтары сұранысқа ие болмады. Олар: "гидротехникалық құрылыс", "биомедицина және ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету". Ең көп өтініш қабылданған танымал білім беру бағдарламалар тобында: "ақпараттық технологиялар" (1187 өтініш), "құқық", "менеджмент және басқару", "шет тілі педагогтарын даярлау", - деді Дидар Смағұлов.