Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Жеңіс шыңына көтерілген. Болжам бойынша, олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай тұр. Ал үшінші альпинист Александр Чечулин өкпенің ісінуінен сол жерде қаза тапқан.
Аман қалғандардың байланысқа шығуға мүмкіндіктері жоқ. Қырғызстан ТЖМ құтқарушылар тобы МИ-8 тікұшағымен 6600 м биіктікте ұшып өтті.
"Мен Мұрат Өтепбаевтың қызымын. Әкемнің мықты екенін білемін және бізді жалғыз қалдырмайтынына сенімдімін. Менің әкем де іздеу-құтқару тобының қатысушысы және алғашқылардың бірі болып жоғалған альпинистерге көмек көрсетуге ұмтылады. Құрметті альпинистер, әкемнің үйіне тірі оралуына көмектесіңіздерші", - деп жазды Айгүл.
"Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хантәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз",-деп жазды Сағынтаев Instagram-да.