Алматы облысында 13 тамыз күні сағат 08:00-дер шамасында 29 жастағы әйел адам басқарып келе жатқан Мазда-626 маркілі жеңіл көлік "Алматы-Бішкек" трассасының 84-ші километрінде "Shacman" маркілі жүк көлігімен соқтығысқан.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттанған 3 адам Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізілді.
"Жол апатының мән-жайы арнайы тергеу жұмыстарынан соң анықталады, ол үшін арнайы сараптамалар да тағайындалды",-деп хабарламады ведомство өкілдері.