Әлеуметтік желіде жол апатының таңғы уақытта Алакөлге барар жолда Қабанбай ауылының маңында болды деген ақпарат тарады.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы дерегін растады. "Автобус Алматы-Өскемен автожолының 462 шақырымында аударылды. Автобустың салонында 47 жолаушы болған, бірақ оның үшеуіне ғана медициналық көмек қажет болды. Зардап шеккендердің барлығы Сарқан қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел зардап шеккендердің көп екенін мәлімдеді.
"Зардап шеккендердің жалпы саны - 17 адам. Олардың екеуі (қыз бала мен әйел) Қабанбай кентіндегі ауруханағ жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бет терісінің көптеген сырылуына байланысты жатқызылды. Сарқан қаласының орталық ауруханасына үш адам жеткізілген. Бір науқастың омыртқаның мойын бөлігі зақымданған, екіншісінің - сол білегі сынған. Қалған зардап шеккендер жеңіл жарақат алған, олар амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлығы бес жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды", - деді Жүкел облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйене отырып.