"Жаңалықтарды оқыдым, БАҚ-тарда көрсетілген репортаждарды көрдім, сіздердің көмектеріңізбен бұл қылмыстың халық арасында қызу талқыланатынын түсіндім! Елімізде ешбір әйелдің, ешбір баланың мұндай зорлық көрмеуін тілеймін, қорғайтын адамдар бар екенін сезгенін қалаймын", - делінген жазбада.
"Көп оқыдым, көп жұмыс істедім, бірнеше елде болдым, әр елдің мәдениетін көріп-біліп, өз еліме үнемі сүйіспеншілікпен оралатынмын. Елімде мені қорғайтын адамдардың бар екеніне сенетінмін. Дегенмен адам кез келген жерде кез келген сәтте қайғылы жағдайдың құрбаны болуы мүмкін екен. Өмірім құртылған түннен бетер қайғы көрмеспін деп ойладым. Алайда қылмыскерлерді қолдаған жандар да, сот пен тергеу жағы да маған қысым көрсеткен еді", - деді жәбірленуші.
Келіншек ел басшылығы мен ҚР Парламентінің депутаттарынан айыптылардың жазасын күшейтуді талап етеді.