11 сәуір 2025, 16:12
USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда Азаттық, ҚазТаг, Алматы телеарнасы журналистеріне шабуыл жасалды

  • 22.июля.2019, 17:30,
  • 515

Бүгін Алматы қаласында белсенді Оксана Шевчуктің ісіне байланысты баспасөз конференциясы өтті. Азаматша ҚДТ(ДВК) ұйымының қызметіне қатысы бар деп айыпталған. Шараға келген Азаттық радиосы, ҚазТаг агенттігі және Алматы телеарнасының тілшілеріне шабуыл жасалды.


Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаеваның айтуынша, Адам құқықтары жөніндегі бюро алматылық кеңсесіне келген тілшілердің алдынан белгісіз әйел адамдар шығып, камераларын ұрып, тартып алғандары да болды.



«Төрт-бес әйел операторымызға жабылды. Телефонымды қосқанымды көріп, маған қарай бұрылды. Қолымнан қысып, шашымнан тартты. «Жіберіңдерші мені» деп жалындым. Оператордың да қолын тырнап тастады. Мен куәгерлердің сөздерін диктафонға жазып алдым. Куәгерлер бар. Біздің камерамызды сындырып тастады», - деді журналист.


Оның айтуынша, әйелдер пресс-конференцияның өтуіне наразы болған. Олар өздерін таныстырмаған. Тек көп балалы әйел екендіктерін айтқан. Оқиға жарты сағатқа созылған.


«Өзімнің көргенім, әйелдердің біреуін ғана учаскелік полиция көлігіне салып алып кетті. Қалған жиырма шақты әйелдің қайда кеткенін білмеймін».


Оқиға орнына келген полиция журналистердің арыз-шағымдарын қабылдап, тергеу жұмыстарын бастады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан үзінді
Тағы да оқыңыздар:
04.07.2019
02.07.2019
10.06.2019
10.06.2019
03.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930