Құрбан айт тамыз айының 11-і күні басталады. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.
Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.
Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады..." делінген.