«Елорда күніне орай, Ұлттық арнаның мерекелік кестесіне бірнеше тұсаукесер жобалар енгізілді. Солардың бірі - Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы: Алтын тақ» кинодастаны. Тарихи туынды «Qazaqstan» арнасынан сенбі, 6 шілде күні сағат 17:10-да көрсетіледі», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің оқиға желісі Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Сығанақ үшін таласы төңірегінде өрбиді. Аталмыш фильм «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» туындысының жалғасы болып келеді.
Тарихи жобаның авторы - Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Фильм сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде жазылған.