«Менде біраз үзіліс болды, қайтып оралу оңай емес. Өмірде аздаған қиындықтар да болып тұрады, бірақ оның бәрі уақытша. Мен рингке оралуыма бар ынтаммен дайындалдым, осы сәтті күттім. Күткен уақытым жеткен сияқты. Жанкүйерлерім үшін үздік ойын көрсетемін», - деді Қанат Ислам 27 маусым күні Алматыда өткен жаттығудан кейін.
Боксшы сондай-ақ, алдағы жекпе-жекте қарсыласы доминикалық Хулио де Хесус болатынын мәлім етті. Жекпе-жек 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Бұл айқаста боксшылар WBO Inter-Continental белбеуі үшін таласады.