USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

  • 29.июля.2019, 15:00,
  • 704

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.



«Қымбатты достар! Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтижесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.


Қазақстан бұл байқауға осымен екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласында болған додада Данэлия Төлешова өнер көрсеткен еді.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
15.07.2019
28.06.2019
25.06.2019
19.06.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30